"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Бүгін Хромтау қалалық мәдениет үйінде коалиция мүшелерінің ұйымдастыруымен «Хромтау Су» кәсіпорнының еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өтті.

Screenshot
Screenshot
Screenshot
Screenshot

Аталған жиынның басты мақсаты – жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі орны мен маңызын кеңінен түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту бағытында ақпарат беру болды.

Іс-шара барысында коалиция өкілдері Ата Заңның ел дамуының берік негізі екеніне тоқталып, оның басты қағидаттары – заң үстемдігі, әділеттілік, теңдік және қоғамдық келісім қағидалары жөнінде жан-жақты баяндады. Конституциялық нормалардың мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын стратегиялық құжат ретіндегі рөлі кеңінен ашып көрсетілді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және мемлекеттік институттардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету бағытындағы ұстанымдар түсіндірілді.

Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында өрбіді. «Хромтау Су» кәсіпорнының қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Пікір алмасу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Мұндай мазмұнды ақпараттық-түсіндіру шаралары еңбек ұжымдары арасында заң талаптарын құрметтеу мәдениетін арттыруға, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде жүйелі түсінік қалыптастыруға және қоғамның біртұтастығын бекемдеуге ықпал ететіні сөзсіз.