"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Бұл іс жүзінде жаңа Конституция – СерікАқылбай Конституциялық комиссияныңтүзетулер жобасы туралы пікір білдірді

«Қазақстан заңгерлер одағы»республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасыСерік Ақылбай Конституциялық комиссияныңбесінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігіқолданыстағы құжатқа түзету ғана емес, шынмәнінде жаңа Конституцияны қабылдау туралысөз қозғауға мүмкіндік береді деген пікірбілдірді.

Серік Ақылбайдың айтуынша, түзетулердіңбұл жобасы конституциялық құрылыстың іргелінегіздерін қозғайтын нормалардыңайтарлықтай жиынтығынан тұрады.

Атап айтқанда, жаңа институционалдықархитектура қалыптасуда: бір палаталыПарламент, Халық кеңесі, Үкімет қызметінің,сот жүйесі мен құқық қорғау тетіктерініңжаңартылған модельдері.

«Ұсыныстардың ауқымы мен тереңдігінсаралай келе қолданыстағы Конституцияныңжаңа редакциясы туралы емес, шын мәнінде жаңа Ата заң туралы айтқан жөн депсанаймын», деді Серік Ақылбай.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекет пенқоғамның басқару тиімділігіне, құқықайқындылығы мен адам құқықтарын қорғауғақоятын талабы жоғары. Осыған байланыстыреспубликада билікті ұйымдастыру негіздеріөзгеріп, жаңа институттар қалануда.Осылайша, біз Қазақстанның конституциялықдамуының сапалы жаңа кезеңі туралы айтыпотырмыз.

Сонымен қатар ол жаңа Конституциямемлекеттіліктің негізгі құндылықтарыныңтолық сабақтастығын және жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардыңдәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Серік Ақылбай Конституциядадінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекітубойынша жиынтық жобаға нәтижесінде енген ұсынысын еске салды.

«Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардыңқызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және конституциялық құрылыстың негіздерінқорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары менбостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарынқорғау мақсатында шектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажет деп санаймын. Мұндайтолықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», деді ол.

Сонымен бірге ол адвокатураныңмәртебесіне қатысты норманы қосымшапысықтаудың маңызын атап өтті.

«Тұжырымдамалар барынша салмақтыжәне азаматтардың құқықтары менбостандықтарын қамтамасыз ету міндеттерінетолық сәйкес келуі үшін әлі де жұмыс жасаукерек», деді Серік Ақылбай.

Жалпы, ол Комиссия дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатыр деген пікір білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ