"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ДӨҢДЕГІ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Аудандағы сайлаушылары көп елді мекендердің бірі – Дөң ауылы. Мұндағы Дөң мектеп-гимназиясында орналасқан #473 референдум учаскесінде 1947 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берушілер саны — 12 болса, 7 адам 80 жастан асқан қарт сайлаушылар қатарында. Үйден дауыс беруші 7 сайлаушыға жылжымалы жәшік ұйымдастырылған. Комиссия төрайымы Гаухар Бекованың айтуынша, алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға сыйлық үлестірілген.
«Біз жолдасым екеуіміз Конституциялық құқықымызды пайдаланып, елдің ертеңі үшін дауыс бердік,» — дейді зейнеткер Құлсарин Жолтай.

ПІКІР ЖАЗУ