"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Достық пен бірлік – ел тұрақтылығының негізі

 

 

 

 

 

 

 

Достық пен бірлік – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ең қастерлі құндылықтарының бірі. Қиын-қыстау кезеңдерде де елді аман сақтап қалған, ұлтты ұйыстырған басты күш – осы татулық пен өзара түсіністік болды. Біз бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағының арқасында бейбіт өмірдің қадірін сезініп келеміз.

Аға буын ретінде біз жас ұрпақты бірлікке, сыйластыққа, өзара құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп білеміз. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында, ал олардың бойындағы адамгершілік пен татулық қоғамның келешегін айқындайды.

Бірлік бар жерде – береке бар, ал береке бар жерде – даму мен өркендеу болады. Сондықтан әрқайсымыз достықты нығайтуға, қоғамдағы татулықты сақтауға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Елдің тұтастығы мен бейбіт болашағы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Темірбай Абат, Қобда аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы

ПІКІР ЖАЗУ