Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Бас Прокурорының орынбасары болып Ғабит Садырбеков тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Ғабит Садырбеков 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған. Білімі жоғары: 1994-1999 жж. — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.
Еңбек өтілі:
- 2001-2017 жж. – прокуратура органдарындағы қызмет.
- 2017-2020 жж. – банк саласындағы қызмет.
- 2020-2021 жж. – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.
- 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі аппаратының басшысы.
- 2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.