Президенттің ғалымдарды марапаттау рәсіміндегі сөзі ғылымның қоғамдағы орнын тағы бір мәрте айқындап берді. Қазіргі заманда ғылым тек білім көзі ғана емес, мемлекеттің дамуын анықтайтын негізгі факторға айналды. Елдің халықаралық аренадағы беделі де оның ғылыми әлеуетіне тікелей байланысты. Сондықтан ғылымға инвестиция салу – болашаққа салынған инвестиция.
Президенттің ғылымды стратегиялық бағыт ретінде атап өтуі өте орынды. Ғалымдар – елдің интеллектуалдық капиталы. Олардың еңбегі көбіне көзге көрінбесе де, нәтижесі бүкіл қоғамға әсер етеді. Ғылыми жаңалықтар экономиканың дамуына серпін береді. Технологиялық прогресс ғылымсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, ғылым қоғамда сыни ойлауды қалыптастырады. Бұл демократиялық және құқықтық мемлекет үшін аса маңызды. Президенттің Абайды мысалға келтіруі де терең мағынаны білдіреді. Өйткені білім мен тәрбие қатар жүруі тиіс. Ғылым тек білім емес, ол – жауапкершілік. Қазіргі кезеңде жасанды интеллект пен жаңа технологияларды игеру ерекше маңызға ие. Бұл бағытта Қазақстан артта қалмауы тиіс. Сондықтан ғылымды қолдау – ұлттық қауіпсіздік мәселесімен тең. Жалпы алғанда, ғылым – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі.
Фархад Сағынбай, Хромтау аудандық мәслихатының депутаты
