"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ХРОМТАУ ТҰРҒЫНЫНЫҢ ДЕНЕСІ БӨЛШЕКТЕЛГЕН КҮЙДЕ ТАБЫЛДЫ

Бір ай бойы іздеуде болған Хромтау қаласының тұрғыны Денис Кузьменко өлі күйінде табылды. Туыстары оны іздестіре бастағанда, кенеттен байланысқа шықпай қалғанын айтқан.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер ер адамның бөлшектелген денесін қала сыртындағы шлам қоймалары маңында бірнеше пакетке салынған күйінде тапты.

Тергеу барысында бұл қайғылы оқиға марқұмның танысының пәтерінде мас күйінде шыққан жанжалдан кейін болғаны анықталды. Күдікті ретінде бірнеше адам ұсталды. Тергеу кезінде күдіктілердің бірінің үйіндегі тоңазытқыштан Денис Кузьменконың басы табылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

ПІКІР ЖАЗУ