"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

КЕН ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒА

30 қазан күні Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының (ДТБК), «Казхром» АҚ филиалына қарасты «Мирный» карьерінде қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүк тиелген «Shacman» автокөлігі үлкен жылдамдықпен келе жатып, басқаруын жоғалтып, төңкеріліп, кабинасына ауыр соққы түскен.

Оқиға салдарынан көлікте болған жүргізуші мен 1997 жылы туған экспедитор қаза тапты. Бейнебақылау камераларындағы кадрларда көліктің жылдамдықпен төмен түсіп келе жатып, кенеттен басқаруын жоғалтып, кабинаға аударылып қалғаны көрінеді.

«Казхром» АҚ филиалының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланған, қазіргі таңда тергеу жұмыстары басталды. Кәсіпорын басшылығы қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.


Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік оқиғасының себебі тежегіштің істен шығуы болуы мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ