«ХромтауТрансЭнерго» ЖШС кәсіпорнында еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында коалиция мүшелері кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы негізгі қағидаттар жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы, заң үстемдігін сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері жан-жақты айтылды. Конституция – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік негізі екені, оның талаптарын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.
Сонымен қатар, өндіріс саласында еңбек ететін қызметкерлер үшін еңбек құқықтарының сақталуы, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды. Кәсіпорын ұжымының тұрақты әрі үйлесімді жұмысы өндірістің тиімділігін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды.
Жиын барысында жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара түсіністікке негізделіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың конституциялық негіздер туралы ақпараттану деңгейін көтеруге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда
