Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасының басталуына бір айдай ғана уақыт қалды.
Өзге ұлттық құрамалар сияқты қазақ күресінің балуандары да Көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде. Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті. Атап айтқанда, балуандар Алматы қаласында екі мәрте, Грузия елінде және Қырғызстанда дайындықтарын жүргізді.
Кезекті ОЖЖ 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысындағы Щучье қаласында өтеді. Бұл жиын барысында балуандарымыздың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздігі анықталады.
Ал соңғы қорытынды ОЖЖ 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізу жоспарланған.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 8-10 қыркүйек күндері өтеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі