"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі UFC 326 турнирінде жеңімпаз атанды

Дияр Нұрғожай – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Панкратионнан әлем чемпионы, ММА-дан Азия чемпионы, Eagle FC лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы, UFC ұйымының файтері.

2024 жылғы қазан айында Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде жеңіске жетіп, кейін UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойған болатын.

Қазақстандық спортшының UFC-де көрсеткен нәтижесі мен халықаралық аренадағы жетістіктері оның келешектегі матчтардағы мүмкіндіктерін айқын көрсетіп отыр.