Қазақстан қазба отындарға бай ел болғанымен, болашақта көмір мен газ сияқты ресурстарды тұтыну қысқаруы мүмкін. АЭС елдің энергия жүйесін тұрақты етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға көмектеседі .
Қазақстан экономикасы өсіп келе жатқандықтан, электр энергиясына сұраныс артып отыр. АЭС осындай сұранысты тұрақты және ұзақ мерзімді түрде қамтамасыз ете алады.
Сонымен қатар Қазақстанда уран қоры үлкен, және бұл елге атом энергетикасын дамытуға мүмкіндік береді. Өз уранын пайдалану арқылы ел энергетикалық тәуелсіздікті нығайта алады.
КУСАЕВА Мейрамгул Муафиковна, №6 Хромтау гимназиясы, физика пәнінің мұғалімі