"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Нарықтық тұрақтылық және нақты шаралар

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет үйіндегі брифингте валюталық нарықтағы жағдай мен оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әсері туралы мәлімдеді.
Үкімет валютаның өзгерістеріне байланысты халықтың және бизнес өкілдерінің алаңдаушылығын түсініп отыр. Сондықтан, мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк валюталық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қабылдауға ниетті. Министрдің айтуынша, ұлттық валютаның курсының өзгеруі негізінен сыртқы факторлардың әсерінен болды. Олардың ішінде — жаһандық доллар индексінің күшеюі, дүниежүзілік мұнай бағасының төмендеуі, Ресей рублінің әлсіреуі.
Байбазаровтың айтуынша, қазіргі жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтардың әлеуметтік жағдайын және әл-ауқатын нашарлатпау, сонымен бірге кәсіпкерлерге теріс әсердің алдын алу. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды. Ол үшін үкіметтің ресурстары мен құралдары жеткілікті.

Жәлімбетова Раушан Аманқосқызы, облыстық мәслихаттың депутаты

ПІКІР ЖАЗУ