"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

КӨКТӨБЕ МЕН МАЙТӨБЕНІҢ БҮГІНІ

Кездесу тәртібіне сай алдымен ауыл әкімі Арыстанғали Зингин атқарылған жұмыстарға есеп берді. Ауыл әкімінің айтуынша, көктемгі су басу кезеңінде су кірген аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүйелі жүргізілген.

Көктемде қауіп болған Желтоқсан көшесіне «АМК» компаниясының демеушілігімен 2 мың тонна қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал Майтөбеде бөгеттерді көтеру мақсатында 300 тонна инертті материал төгіліп, қосымша 30 тонна жеткізілді. Одан бөлек, балалар ойын алаңы толық жөнделді. Ауылдағы соғыс ардагерлері мен қатысушыларына арналған ескерткішті әкімдік теңгеріміне алып, оған да толық жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, ауыл көшелерінің жарықшамдарын ауыстырдық, —деді ауыл әкімі өз баяндамасында.

Аудан басшысы күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимаратының ауласы толық қоршалатынын айтты.

— Биыл көктемде суға кеткен көшелер мен су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарымен айналыстық. Көп жылдар бойы жөндеу көрмеген мектепті толық күрделі жөндеуден өткіздік. Электр қуаттарын күшейту бойынша бірлескен жұмыстарды да ұмытпау керек, — деген аудан басшысы келер жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Аудан әкімінің айтуынша, келер жылы ауылда орталықтандырылған су құбырын жүргізу жұмыстары басталады.

«Приорск» кенінен ауылға кіреберіске дейінгі аралыққа асфальт жабындысын төсеу туралы шешім қабылданды. Келер жылы жобалық-сметалық құжаттарын реттейтін болсақ, жұмыстар 2026 жылы басталады деп жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар мал өрісінің шекараға тым жақын екенін, соған байланысты туындайтын мәселелерді де қозғады.

ПІКІР ЖАЗУ