"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңаКонституциясының бірінші жобасын дайындады


Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасыКонституциялық реформа жөніндегі Комиссияныңалтыншы отырысында қаралды.

Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскеназаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдарыескерілді.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары БақытНұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. «Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Ондаеліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдарболатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – дедіол.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылыммен инновацияны дамыту мемлекет қызметініңстратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары: «Бұлжаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаныңқолдануына ие болды», – деді.

https://t.me/konstituciyalikreforma

ПІКІР ЖАЗУ