27 наурыз күні Хромтау ауданында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Құқықтық дәріхана» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға кеңес беру және өзекті мәселелерді шешуге жәрдем көрсету.
Шара барысында мемлекеттік орган өкілдері, заңгерлер, қорғаушылар қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға әртүрлі саладағы мәселелер бойынша нақты жауаптар берілді.
Аталған іс-шара халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Осындай форматтағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
