Күш-қуат пен жылулық сыйлаған күн
Қарттар күні қарсаңында Көктау ауылындағы ағабуын өкілдері дене шынықтырумен айналысып, сыйлықтарға ие болды. Денсаулыққа пайдалыкездесу «Ақтөбе мыс компаниясы» мен ауылдықдене шынықтыру-сауықтыру кешенініңқызметкерлерінің бастамасыменұйымдастырылды.
Зейнеткерлер кеншілермен бірге гимнастика, тыныс алу жаттығулары және басқа да қимыл-қозғалысқа толы белсенді шараларға қуанақатысты. Жаттығулар қатысушылардың жасы мен денсаулығына сай бейімделіп өткізілді. Еңбастысы, іс-шара жылы әрі достық атмосферадаөтті.
«АМК бізді ұмытпайтынына қуаныштымыз. Жылсайын шақырып, мерекеде сыйлықтартабыстайды. Бүгін ерекше көңіл-күйменқуаттандық. Жанымыз жасарып қалғандайболды», — дейді Анар Елібаева.
Көктау спорт кешені басшылығының айтуынша, бұл нысан — әр жастағы ауыл тұрғындары үшінжұмыс істеп тұр. Компания қажетті спорттыққұрал-жабдықтармен қамтамасыз еткелі беріжаттығулар кестесі тығыз. Күндіз мектепоқушылары, ал кешке жастар мен ауылдыңбарлық тұрғындары жаттығады.
АМК-ның спортты, білім беруді дамыту жәнежақын маңдағы ауыл тұрғындарын қолдауғабағытталған әлеуметтік жобалары компания саясатының маңызды бөлігі болып қала бермек. Қарттар күні – өмірлік тәжірибесі мен еңбегіқұрметке лайық жандарға сый-құрмет көрсетудіңтағы бір тамаша мүмкіндігі. Мерекеге орайкомпания Көктау, Көктөбе, Аққұдық, Қайыңды, Қопа және Тамды ауылдарының 500 зейнеткерінесыйлықтар табыстады.