Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты, Қазақстан Халықпартиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформажөніндегі комиссияның 12-ші отырысындажаңа Конституция жобасының маңыздылығытуралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңіненқолдау тапқанын жеткізді.
Депутат құжатта «Әділетті Қазақстан» қағидатының айқындалғанын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының жаңаКонституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейіндемемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде«Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі.Әділетті Қазақстан қағидаты Қазақстан Халықпартиясы толық қолдайтын әлеуметтікәділеттілікті білдіреді. Әділетті Қазақстан –«Заң мен Тәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатынел; тең мүмкіндіктер елі, кепілдендірілгенқұқықтар мен бостандықтар елі», – дедідепутат.
Сондай-ақ, ол тарихи сабақтастық пенұлттық құндылықтарға назар аударды. Оныңайтуынша, жаңа КонституцияныңПреамбуласында қоғамдық бейбітшілік пенорнықты дамудың жалғыз қолайлы негізіретінде этносаралық және конфессияаралықкелісімге айтарлықтай көңіл бөлінген. Оныңсөзінше, еңбек етуге құқығы туралы нормаерекше қолдау тапты.
Институционалдық өзгерістер туралы айтакеле, Магеррамов мемлекеттік биліктің жаңақұрылымы жайында сөз қозғады. БірпалаталыПарламентті, «Халық кеңесі» жоғарыконсультативтік органын құру, сондай-ақ Конституция жобасының түбегейліжаңалықтары жаңа бағдар береді. Депутаттыңайтуынша, қазір мемлекет тек процестердібасқаруға ғана емес, азаматтарға қызмет етугенегізделген.
Магеррамов жобаның кеңінен қолдау тапқанына тоқталып, оны референдумғашығаруды ұсынды.
«Мен қазақстандықтардың басым көпшілігінің жаңа Конституция жобасын толыққолдайтынын сеніммен айта аламын. Мұны тек Комиссияның ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жаңаКонституция жобасын әртүрлі қоғамдық,әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдарменжәне еңбек ұжымдарымен талқылау аясында кездесулерді өткізген Халық партиясыфилиалдарының жұмысына байланысты айтып отырмын»,– деді ол.
Мәжіліс депутаты Қазақстан Халықпартиясының фракциясы тарапынанПарламент Мәжілісінде барлықфилиалдарының, сарапшылардың, ғылымижәне заң қоғамдастығы өкілдерінің,кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардыңқатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілгенінатап өтті. Отырысқа 100—ге жуық адамқатысып, азаматтар жаңа Конституцияжобасына бірауыздан қолдау білдірді.
«Жаңа Конституцияның жобасы – өткенкезең мен бүгінгі басымдықтарды түсіне отырып, Қазақстанның болашақтағы жаңабағдары туралы шешім қабылдаған халықтыңбірлігі мен біртұтастығының белгісі деп айтуғаболады. Жоғарыда айтылғандарды ескереотырып, біз жаңа Конституцияның жобасынжалпыхалықтық референдумға шығарудыұсынамыз», – деп қорытындылады сөзінМагеррам Магеррамов.
