Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында салық саясатына ерекше тоқталды. Елімізде 10 млн-ға жуық экономикалық белсенді халық бар. Сондықтан, салық саясатын ілгерілетудің маңызы зор.
Қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған жаңа Салық кодексі салық төлеушілерге деген сенімге негізделіп, жаңа жүйені қалыптастыруы тиіс. Ең бастысы құжат барлық азаматтарға түсінікті болуы шарт.
Салық саясаты мынадай: Салық режимдерін оңтайландыру кезінде кәсіпкерлер үшін тиімді шарттардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек. Салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшіріп, Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтқан дұрыс. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тартқан абзал. Мысалы, салық берешегі шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуы тиіс. Яғни борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциялау. Яғни, табысы аздар аз төлейді, табыс өссе, салық мөлшері де өседі.