"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы

Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды басқару және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы баяндады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындардың нормативтік шығарындыларының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 148 мың тоннаға немесе 7,2%-ға төмендеді. Бұл ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етілуде

Жағдайды бақылау үшін автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде.Бүгінде кәсіпорындарда орнатылған 78 жүйенің 74-і ауа ластануы туралы деректерді нақты уақыт режимінде беріп отыр.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6%-ға дейін өсті.

«Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Ерлан Нысанбаев.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 293 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 827 қоқыс орны анықталып, олардың 3 464-і немесе 91%-ы жойылды. 2018 жылмен салыстырғанда заңсыз қоқыс орындарының саны 45%-ға азайды.

📱 @KZgovernment

ПІКІР ЖАЗУ