"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Спортқа қосқан үлесі үшін

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе мыс компаниясы балалар және бұқаралық спорттықолдайтын өңірдегі жетекші меценаттардың біріболып танылды.

Спорт саласының үздіктерін марапаттауға арналған«Жаңа белес» салтанатты ісшарада  Ақтөбеоблысының әкімі Асхат Шахаров АМК бас директорының орынбасары Роберт ГариповкеАлғыс хат” табыс етті. Компанияның  Ақтөбеоблысындағы  балалар мен  жасөспірімдер  спортын дамытуға, волейбол, теннис, қазақ күресі, шахмат және бадминтон секілді  спорт түрлеріннасихаттауға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Еске салайық, АМК қолдауымен Хромтау жәнеМұғалжар аудандарындағы мектептер спорттыққұрал-жабдықтармен қамтамасыз етілдіОблыстық, республикалық және халықаралықжарыстар ұйымдастырылды. Оның ішінде жылсайынғы халықаралық «Aktobe Open» шахмат турнирі, Теннис кубогы, облыстық балалар қазақкүресінен жарыстар, Көктау ауылындағы атжарысы бар. 

Сондай-ақ компания Хромтау ауданындағы балаларкомандаларының  дзюдо мен волейболданчемпионаттарға, сондай-ақ Астанадағы шахматтанәлем чемпионатына сапарларын қаржыландырды. Компания қаржысына Көктау ауылында воркауталаңы орнатылып, болашақ чемпиондар мен ауылтұрғындары жаттығып жүрген дене шынықтыру-сауықтыру кешені толық жабдықталды

ПІКІР ЖАЗУ