Татулық – кез келген елдің ең басты құндылығы. Бір-бірін сыйлаған, құрметтеген, ортақ мүдде үшін жұмылған халық қашанда биіктерді бағындырады.
Қазақстан халқы – көпұлтты, көптілді, бірақ жүрегі бір. Татулық пен ынтымақтың арқасында елімізде тұрақтылық орнап, бейбіт өмір салтанат құруда.
Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөзі осыны дәлелдейді. Татулық – елдің дамуы мен жарқын болашағының кепілі.
Гүлнәр Кабиева, «Жас Ақтөбе» қоғамдық қорының мүшесі