Татулық – елдіктің ең басты негізі, халықтың тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің кепілі. Бірлік пен татулық бар жерде даму да, өркендеу де болады.
Қазақ халқы қашанда ынтымақ пен өзара сыйластықты жоғары бағалап, «Татулық түбі – тыныштық» деп ұрпаққа өсиет еткен.
Қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанда бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – біздің ең үлкен байлығымыз, баға жетпес қазынамыз.
Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері – әр ұлт пен ұлыстың ортақ мүдде жолында күш біріктіргенінің нәтижесі.
Александр Моисеенко, «Ассамблея жастары» Ақтөбе облысы бойынша республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі