Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, құжатта ел дамуының іргелі қағидаттары айқын әрі нақты көрініс тапқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, «Әділетті Қазақстан», заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау секілді негізгі ұстанымдар Ата Заң мәтінінде анық белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Абзал МАҚАШ

Президент білім, ғылым, инновация және мәдениет ел дамуының теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалғанын айтты. Бұл бағыттар мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиясында шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар тәуелсіздік, егемендік пен аумақтық тұтастық мызғымас құндылық ретінде бекітілген.
Жаңа Конституцияның жобасы: Адами капитал мен адам құқықтарына басымдық
«Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді деген аса маңызды сөздер бар», деді Мемлекет басшысы.
Президент Ата заңда қоғамдағы бірлік пен келісімнің негіздері одан әрі нығаятынын, жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымы нақты жазылатынын да атап өтті. Бұл нормалар қоғамдық сананы жаңғыртып, азаматтық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
«Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституция жобасын шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін деп атауға толық негіз бар. Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл құжат елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді.
