Хромтаулық Жолмұхамбетовтер отбасында екі ұлдан кейін үшем — Әдемі, Сұлу, Дара есімді қыздар өмірге келді.
Ерлі-зайыпты Даян мен Гүлсім Жолмұхамбетовтер отбасы наурыздың соңғы аптасында үшеммен толықты. Бұл шаңырақтағы бес жасар Дінмұхаммед пен үш жастағы Нұрахмед қазір балабақшаға барады.
Жас босанған ана — Гүлсім Жолмұхамбетованың мамандығы — мұғалім.
Отыздан асқан көпбалалы әке Даян:
— Отбасым үшеммен толығып жатыр, қуанышымда шек жоқ. Өзім «Восход Ориел» кәсіпорнында вахталық әдіспен жұмыс жасаймын. Әкемнің жолын қуып кенші болдым. Он тоғыз жасымнан бері осы салада еңбек етемін, — деді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін Гүлсім бүгінде бөпелерімен облыстық перинаталды орталықта жатыр.
— Бөпелерімнің жағдайы жақсы. Туғанда 1920, 1630 және 1520 граммен өмірге келген қыздарым қазір салмақ жинап жатыр. Әзірге осы апта перзентханада боламыз, — деді Гүлсім.
Табиғи жолмен өмірге келген сәбилердің анасы құрсағында үшемнің барын білгендегі алғашқы әсері туралы былай дейді: «Іштей қатты таң қалдым. Құрсағыма осындай үш бірдей нәресте салып берген Аллаға шүкір айттым. Әрине, қуандым. Қорқыныш сезімі де болды. Бөпелерім өмірге мерзімінен бұрын келді. Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алды».
Даянның айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, бір аптаның көлемінде үйге шығарып қалады деген болжам бар.
Ләззат ӘБДІРОВА.