"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

«Восход Ориел» ЖШС ұжымымен мазмұнды кездесу өтті

Screenshot

Аудан аумағындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі – «Восход Ориел» ЖШС-нің ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірлік коалиция мүшелері қатысып, еңбек ұжымымен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында Ата Заңның қоғам өміріндегі орны мен маңызы кеңінен тарқатылып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы қағидаттар түсіндірілді. Конституция – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік негізі екені, оның талаптарын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Өндіріс саласында еңбек ететін қызметкерлер үшін еңбек құқықтарының қорғалуы, қауіпсіз әрі қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады. Кәсіпорындағы тұрақты еңбек қатынастары мен өзара жауапкершілік қағидаттары ұжым бірлігін нығайтып, өндірістік тиімділікті арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Жиын барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Кездесу сындарлы диалог алаңына айналып, өзара түсіністік пен ашық әңгіме өрбіді.

Мұндай мазмұнды кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың конституциялық негіздер туралы ақпараттану деңгейін көтеруге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда