"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Алаяқтардан қалай сақтануға болады

Осы жылдың 10 айында Ақтөбе облысында алаяқтық фактілері бойынша 670-тен астам қылмыстық іс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% — ға аз. Полицияның мәліметінше, келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асты. Интернеттегі алаяқтар белсенді және оларды анықтау өте қиын.

Қазіргі уақытта алаяқтар көбіне банктің, ҰҚК, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұялы байланыс операторы немесе жұмыс орны бойынша бастығы ретінде өздерін таныстырып, SMS-тен код жазуды сұрайды. Сонымен қатар, танымал схемалардың бірі, алаяқтар әлеуметтік желілерде қандай да бір тауарларды сату туралы хабарлама салған азаматтарға хат жазып, тауарды курьер, пошта арқылы жіберуін сұрайды.

Құрметті ақтөбеліктер, абай болыңыздар!

Жеке деректерді ешкімге бермеңіз, SMS кодтарды айтпаңыз, күмәнді адамдармен сөйлеспеңіз! Кез келген күдік туындаған жағдайда әңгімені дереу тоқтатыңыз, банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз!

Естеріңізге сала кетейік, сіз банктік несиелер мен микрокредиттерді алудан шексіз мерзімге өз еркіңізбен бас тарта аласыз. Бұл қызмет түрі egov.kz. порталында қолжетімді.

ПІКІР ЖАЗУ