"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы маңызды әрі тарихи қадам

Бұл құжат Қазақстанда әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруға бағытталған. Конституциялық реформалар арқылы халықтың рөлі күшейіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістер билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған Конституцияда жергілікті басқару мен өзін-өзі басқарудың маңызы артып, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына кең жол ашылды. Бұл — өңірлердің дамуына, ауылдар мен аудандардағы өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Конституцияда адам құқықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, заң үстемдігі қағидаты күшейтілді.

Жаңа Ата заң қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған.

Динара Беркімбаева,
Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі

ПІКІР ЖАЗУ