Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның мемлекеттік дамуының жаңа бағытын айқындайды.
Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде белгіленіп, әділет, заң және тәртіп қағидаттары конституциялық деңгейде бекітілген.
Білім, ғылым, мәдениет және инновацияға ерекше мән берілуі елдің болашағы табиғи ресурстарға емес, адами капиталға негізделетінін көрсетеді.
Сондай-ақ, цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау, зайырлы мемлекеттің қағидаттарын нақтылау және дәстүрлі құндылықтарды құқықтық тұрғыда бекіту маңызды өзгерістердің қатарында.
Бұл өзгерістер Конституцияны уақыт талабына сай жаңғыртып, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.
Нұржан Шаңғытбаев, «Атамекен» студенттер жасағының жастар ҚБ төрағасы
