Мемлекеттің болашағы өскелең ұрпақтың, жастардың қолында екені даусыз. Қазіргі таңда жастардың білімді, білікті және өз ісін жақсы меңгерген маман болып шығуы мемлекет үшін аса маңызды.
Мемлекет тарапынан жастарды қолдау шаралары күн сайын артып келеді. Жастарға арналған білім беру бағдарламалары, гранттар, халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктері олардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мәселесі де өзекті. Бұл бағытта түрлі бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шаралары бар, мысалы, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жас мамандарға арналған жұмыс орындарын ашу.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. Мемлекет жастарға арналған жеңілдікті ипотека бағдарламаларын ұсынады, бұл олардың өз үйіне қол жеткізуін жеңілдетеді.
Қорытындылай келе, өскелең ұрпақтың даму мүмкіндігі мемлекеттің қолдауына байланысты. Жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үй мәселесін шешуіне мемлекет тарапынан жасалған шаралар олардың еліміздің болашағын қалыптастырудағы рөлін нығайта түседі.
🇰🇿Хромтау аудандық мәслихат депутаты, “Қаһарман” ҚБ төрағасы