"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

«ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУГЕ ШЕШІМ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
1.Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттікқызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық. Қызмет көрсету құны: тегін.
2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеручаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жеручаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманыбюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жолберілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттікқызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарламажіберіледі.
3. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейдіжәне оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратынадамға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттікқызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

 


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Дөң ауылдық округі бойынша қызметтік телефон  8/71/336411-41

Дөң ауылдық округі әкімінің апараты

ПІКІР ЖАЗУ