"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Жолдау: Ұлттық қордан экономикаға 1 млрд доллар инвестиция құйылады

Экономиканың жоғары технологиялық секторларына Ұлттық қордан 1 млрд долларға дейін инвестиция құйылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары–Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Айтуынша, ол үшін Ұлттық банк тиісті бағдарламаны әзірлейді.

Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту блогы бойынша перспективалық салаларды және еңбек өнімділігінің әлеуетін ескере отырып, Инвестицияларды тарту жүйесін жаңарту жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті ретінде қайта құрылатын болады. «Банктер туралы» Заң қабылданады. Оның негізгі міндеті нарыққа жаңа қатысушыларды тарту және банктердің еркін өтімділігін айналымға, атап айтқанда, экономиканың нақты секторына бағыттауды қамтамасыз ету, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр Алатау қаласының ерекше мәртебе алуына тоқталды.

Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң шеңберінде басқарудың ерекше режимі арқылы Alatau city-де жаңа іскерлік белсенділік пен инновациялар орталығы құрылады. Аталған қаланың бірегей қаржылық моделі болады. Бұл криптоактивтерді пайдалана отырып төлем жүргізу мүмкіндігі бар крипто-фиат арналарын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруды жеделдету үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру жоспарлануда. Іске асырылып жатқан Бақылау және оның деңгейін төмендету жөніндегі шаралар кешені өндірісті ұлғайту, баға белгілеуді мониторингілеу мен бақылау, сондай-ақ басқа да реттеуші шаралар арқылы инфляцияны бәсеңдету мақсатында қайта қаралатын болады, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін депутат Алатау қаласының дамуын жеделдетуді ұсынған еді.

ПІКІР ЖАЗУ