"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ВЕЙПТЕРГЕ РЕСМИ ТҮРДЕ ШЕКТЕУ САЛЫНДЫ

19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
2024 жылдың 20 маусымынан бастап темекі шегуге болмайтын, темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға сондай-ақ, оларды жарнамалауға тыйым салу күшіне енеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенат депутаттары палатаның 2024 жылғы 14 наурыздағы жалпы отырысында вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайда Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салу туралы айтты. Оның айтуынша, вейпинг балалар мен жастардың денсаулығына, демек, ұлтымыздың болашағына үлкен зиян келтіреді.

ПІКІР ЖАЗУ