"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

«Ақтөбе Жастары» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

«Ақтөбе Жастары» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

12 тамыздан 26 тамыз аралығында өтініштер мен құжаттарды қабылдау eaqtobe.kz сайтында жеке ЭЦҚ арқылы жүргізіледі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов мәлімдеді.

Брифингте, сондай-ақ, “Отбасы банк” АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Ертай Жидебаев бағдарлама бойынша шарттар мен талаптарды таныстырды.

“Қарыздың ең жоғарғы сомасы-16 млн. теңгеге дейін болуы керек. Пайыздық мөлшерлеме-6%. Бастапқы жарна-10%. Сатып алынатын тұрғын үй – бастапқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй пайдалануға берілген немесе салынып жатқан тұрғын үй — «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы»АҚ кепілдігі болған кезде үлестік қатысу. «Отбасы банк» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілігін растау”,-деді Ертай Жидебаев.

Өтініштер және құжаттар 18-34 жас(қоса алғанда) аралығындағы жастардан, соңғы 5 жылда атында жылжымайтын мүлікі жоқ азаматтардан, бағдарлама шарттарында белгіленген салаларда кемінде соңғы 6 ай еңбек қызметін жүзеге асыратындардан қабылданады.

Ақтөбе облысында орналасқан келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатыса алады:

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, агроөнеркәсіптік кешен, спорт, журналистер, «Қазпошта» АҚ қызметкерлері, халықты әлеуметтік қорғау саласы, Ақтөбе облысының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің қызметкерлері, азаматтық қорғаныс және ТЖ саласы, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің штаттан тыс қызметкерлері және өңірде тіркелген еріктілер ұйымдарының мүшелері.

«Ақтөбе Жастары» бағдарламасы туралы толығырақ eaqtobe.kz сайтынан білуге болады.

@otbasy_bank_aktobe
#ақтөбежастары2024!

ПІКІР ЖАЗУ