“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы аясында тренинг өтті
“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы аясында Хромтау аудандық партия филиалының ғимаратында арнайы тренингтік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Хромтау аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқор» отбасын қолдау орталығының психологі Маншүк Ізғалиева қатысты.
Кездесу аутизм және басқа да ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Тренинг барысында мамандар ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, баламен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары мен түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сонымен қатар, ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.
