Ақтөбе мыс компаниясының өкілдері Хромтау ауданында тұрып жатқан ақсақалдарды Қарттар күнімен құттықтады.
Мерекеге орай Көктау, Аққұдық, Майтөбе және Қопа ауылдарында 300-ден аса зейнеткер кәсіпорын атынан сыйлықтар алды.
АМК бас директоры кеңесшісінің орынбасары Сисембай Бердалин тұрғындармен кездесіп, олардың жастарға үлгі, өнеге болып жүре берулеріне тілестестік білдірді.