Бірлігіміз жарасқан – тату елміз
Қазақстан – түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы. Халықтың бірлігі – мемлекеттің ең басты байлығы. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ел ғана қиындықты еңсеріп, мақсатына жете алады. Тарихымызда талай сынақтан өткен жұртымыз бірліктің арқасында аман қалды, дамыды, гүлденді. Бүгінгі бейбіт өміріміз – татулық пен ынтымақтың жемісі.
Бізді біріктіретін – ортақ мақсат, бейбіт өмірге деген ұмтылыс және бір-бірімізге деген сыйластық. Қай ұлт, қай дін өкілі болсақ та, біз бір халықпыз, бір елміз.
Бірлік бар жерде – тірлік бар, ал тірлік бар жерде – жарқын болашақ бар!
Сәрсенбин Үмбетхан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі