"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

Болашақты бүгіннен бастап ойлауымыз керек

Бүгінде халық арасында АЭС салу тақырыбының талқыланып жатқандығы бәрімізге белгілі. Біріміз энергия тапшылығын болдырмау керек десе, енді біріміз қауіпсіздік мәселесін жоғары қойып отырмыз.

Халыққа қажетті және күн сайын пайдаланатын техникалардың, зауыттар мен кәсіпорындардың энергиясыз жұмыс жасамайтыны белгілі дүние ғой. Ал мұндай қажеттілік ай санап, жыл санап өсе беретіндігі түсінікті. Сол себептен болашақты болжап, елдің жай-күйін ойлайтындар үшін АЭС салудың маңыздылығы бірінші орында деп санаймын.
Әлемнің дамыған елдерінде қазірде қаншама атом электр станциялары бар. Сол арқылы олар электр энергиясынан тапшылық көріп отырған жоқ. Керісінше басқаларға сатып, еліне табыс әкеліп отыр.
Алайда, түпкілікті шешімде халық айтады. 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасайды.
Бастысы еліміз аман, халқымыз тыныш, дамыған елдердің қатарында болайық!

Біржанов Қуаныш Қашқынбайұлы — аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ПІКІР ЖАЗУ