"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы туралы жаңарған мәліметті ұсынды.

Ведомство мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 миллион 944 мың 726 адам болған.

Елімізде 12 368 662 адам — қалада, 7 576 064 адам — ауылда тұрады.

Жыл басынан бері халық 177 мың адамға өсті, оның 172 мыңы — табиғи өсім есебінен (туылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 5,8 мың адам – көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлер арасында халқы ең көп Алматы қаласы – 2 205 929 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 135 537 адам, Алматы облысы – 1 522 182 адам, халық саны бойынша алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 402 002 адам, Жамбыл облысы бесінші орында, 1 221 619 адам.

Дереккөз: Tengrinews.kz

ПІКІР ЖАЗУ