Көктөбе ауылдық округінде “AMANAT” партиясы Хромтау аудандық филиалының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Ауыл тұрғындарын партияның атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты және жергілікті атқарушы орган өкілдері қабылдады.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер төңірегінде өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Аталған мәселелерді тіркеп, кейбіріне заң аясында кеңес берілді.
