🔎 Партиялық бақылау: әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстары тексерілді
Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарға партиялық бақылау жүргізілді.
👥 Комиссия құрамында аудандық мәслихат төрағасы Эльмұрат Болатов, мәслихат депутаты Бағдаш Молдашева және AMANAT партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Шакизаев болды.
🔹 №4 Хромтау орта мектебі
1970 жылы салынған. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны – 496 млн тг.
Мердігер – «Алихан ЖШС 3».
Жұмыстардың 80%-ы аяқталды: шатыр, терезе, есіктер жаңартылып, сыртқы қаптау жүргізілген.
🔹 №2 Хромтау гимназиясы
Мердігер – «Кварц-Спецсервис» ЖШС.
70% жұмыс орындалды. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерді ауыстыру жалғасуда. Жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады.
🔹 Қызылсу ауылдық мәдениет үйі
Жоба құны – 221 млн тг.
Мердігер – «Рустал ЖШС».
1-қабатта спортзал мен күрес бөлмесі ретке келтірілген, сыртқы қаптау аяқталған. 2-қабатта сахна мен кабинеттер қарастырылған.
✅ Партиялық бақылау жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
