Татулық пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы
Қазақстан – көпұлтты, көптілді мемлекет. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Мұндай алуан түрліліктің басты байлығы – татулық пен келісім. Елдің дамуы мен тұрақтылығы, болашаққа сенімді қадам жасауы ең алдымен осы құндылықтарға байланысты.
Қоғамдағы келісімсіз даму болмайды. Келісім бар жерде халықтың ынтымағы артып, экономика, мәдениет, ғылым өркендейді. Қазақстанның халықаралық беделі де дәл осы бейбітшілік пен келісімнің арқасында жоғары бағаланады.
Татулық пен келісім – Қазақстан халқының басты құндылығы, ел болашағының кепілі. Осындай қасиеттердің арқасында Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың, халықтар достығының символына айналды. Әрбір азамат осы құндылықтарды сақтап, нығайтуға үлес қосуы қажет.
Виктория Сурай, «Орыс KZ» орыстардың этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары