"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

AMANAT партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Шакизаев пен аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Еламан Жакашев партия жанындағы «ЖАСТАР РУХЫ» жастар қанатының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастар қозғалысының қоғамдағы орны, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Партия атқарушы хатшысы Рүстем Жораұлы жастардың белсенділігіне оң бағасын беріп, оларды жаңа міндеттерге жұмылдырып, нақты тапсырмалар жүктеді.

🔹 Шара соңында Белсенді жастар күніне орай «ЖАСТАР РУХЫ» қозғалысының бірқатар мүшесіне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

📸 Жастар – ел ертеңі. Партия жанындағы әрбір бастама – жарқын болашаққа бастар жол!

ПІКІР ЖАЗУ