"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

Жазық елді мекенінде экологиялық акция өткізді

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы партия мүшелері Ақжар ауылдық округіне қарасты Жазық елді мекенінде экологиялық акция өткізді. Тазалық жұмыстарына “Ақжар” бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысып, жаңадан бой көтерген мектеп аумағына 50 түп сүмбіл терегін отырғызды.

“Бүгін ауыл тұрғындары мектеп ауласын абаттандыруға белсене араласты. Елді мекенде жаңа білім ордасының бой көтеруі ерекше қуанышты жайт екені анық. Себебі мектеп болмағанда оқушылар тасымал арқылы Ақжар орта мектебінде білім алған.
Осындай экологиялық акция аудан аумағында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін аталмыш елді мекеннің өзінен тазалау жұмыстары аясында жобамен 25 тонна тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды”,- деді Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Шакизаев.

#amanat #тазабейсенбі

ПІКІР ЖАЗУ