"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Құқық

Нормативтік қаулылардың Конституцияға сәйкес еместігі туралы Конституциялық соттың оң қорытындыcы туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына азамат А-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 3-тармағы 6) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініші түскен.

Заңның дау айтылып отырған нормасына сәйкес, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азамат мемлекеттiк қызметке қабылданбайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді.

Шешім қабылдаған әкімінің 2019 жылғы 31 қазандағы өкімімен азамат А-ға Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) және 11) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметінен босатылған. Үш жыл өткеннен кейін ол мемлекеттік қызметке қайта орналасуға шаралар жасап көрген.

Алайда, атап өтілген тыйым салу оған мемлекеттік қызметте лауазымға қайта орналасуға мүмкіндік бермеген.

Өтініш субъектісі аталған норманың өзін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып отыр және бұл әділетсіз болып табылатындығын, мемлекеттік органдарға сайлану құқығына нұқсан келтіретіндігін және азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы қағидатын (Конституцияның 33-бабы) бұзатындығын атап көрсеткен.

Азамат А.-ның өтініші қанағаттандырылып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының қаулысымен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтық шектеулер мөлшерлестігінің болмауына байланысты, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметтен шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп танылды(Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 06.03.2023 жылғы №4 НҚ).

Хромтау аудандық прокуратурасы

ПІКІР ЖАЗУ