"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Пікір

Саяси мәдениеттің жаңа белесі

Жаңа Конституция — бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл біздің мемлекетіміздің саяси мәдениетінің жаңа белеске көтерілуі деп білемін. Реформалардың негізгі мақсаты — биліктің халық алдындағы есептілігін арттыру және азаматтардың мемлекеттік істерге қатысу мүмкіндігін кеңейту екені көрініп тұр. Әсіресе, адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі, Конституциялық соттың қайта құрылуы — өркениетті ел болуға жасалған батыл қадам. Бұл өзгерістер әрбір қазақстандықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы іргетас болады деп сенемін.
Бұл реформалар еліміздің саяси жүйесін трансформациялаудағы өте маңызды кезең болды. Өткен референдум халықтың саяси белсенділігі мен ел тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Конституцияға енгізілген түзетулер суперпрезиденттік басқару үлгісінен түпкілікті арылып, Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталғаны өте дұрыс шешім. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік орнаған жерде ғана тұрақты даму болады. Ендігі кезекте осы заңдардың іс жүзінде сауатты орындалуы маңызды. Ортақ үйіміздің Ата Заңы әрқашан әділдіктің кепілі болсын! Еліміздің негізгі заңы халықтың мүддесіне қызмет ете берсін!

Қадіржан Салдықбаев, «Құрмет белгісі» орденінің иегері

ПІКІР ЖАЗУ