ТАЗАЛЫҚ ІШКІ МӘДЕНИЕТТЕН БАСТАЛАДЫ
«Таза Қазақстан» бастамасы — уақытша науқан емес, күнделікті өмір салты. Президент Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында бұл бастаманың мәнін «Тазалық — үздіксіз еңбектің нәтижесі» деп нақты айқындады. Шын мәнінде, тазалық сыртқы ортадан бұрын адамның ішкі мәдениетінен басталады. Ойы таза адамның ісі де адал болады. Ал адал еңбек пен жауапкершілік — қоғам дамуының негізі. Бұл құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру — баршамыздың борышымыз.
Айбол Сағынжанұлы,
Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы
