"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Пікір

Жаңа Конституция – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру жолындағы берік құқықтық негіз

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған жаңа Конституция – еліміздің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды тарихи қадам. Бұл құжатта ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелері айқын көрсетілген. Конституциялық өзгерістер қоғамның сұранысына жауап беріп, халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте түсті. Жаңа Конституция – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру жолындағы берік құқықтық негіз.
Жаңа Конституция – бұл тек заңға енгізілген өзгерістер емес, бұл қоғам санасындағы жаңару. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар азаматтардың пікірін ескеруге, халықтың дауысын күшейтуге бағытталған. Негізгі Заңда әлеуметтік әділеттілік, жауапты басқару және ашықтық қағидаттары басты орынға шықты. Бұл өзгерістер әрбір азаматтың мемлекет алдындағы ғана емес, мемлекеттің де азамат алдындағы жауапкершілігін арттырады. Конституциялық реформалар елдің болашағына деген сенімді нығайта түседі.

Қуаныш Озғанов,

Хромтау ауданының құрметті азаматы

ПІКІР ЖАЗУ