Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Өзара келіссөздер мен Жоғары деңгейдегі стратегиялық экономикалық кеңестің 5-ші отырысынан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері баспасөз мәлімдемесін жасады.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Түркияғаресми сапармен келуге шақырып, қазақделегациясына қонақжайлық көрсеткені үшінбауырлас түрік халқына және Президент РежепТайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірді.
– Қос халықтың игілігі үшін түбі бір түрік елінежасаған әр сапардың мән-маңызы ерекше. Президент Режеп Тайип Ердоғанныңбасшылығымен Түркия өзінің алтын ғасырлықбелесін тарихи жетістіктермен қарсы алып жатыр. Еліңіз жаңа дәуірге нық қадам басты. ҚұрметтіПрезиденттің халықаралық сахнадағы салиқалысаясатының арқасында Түркия әлемдегі беделді әріықпалды, шынайы құрметке ие мемлекеткеайналды. Мұның түп негізінде түрік халқыныңбірлігі, даналығы және қайсарлығы жатыр. Осындай биік белестерді бағындыру – Президент Режеп Тайип Ердоған мырзаның қажырлыеңбегінің жемісі деп күмәнсіз айтуға болады. Қазақазаматтары Президент Режеп Тайип Ердоғандыжәне бүкіл Түркия елін шын жүректен құрметтейді. Қазақстан Түркияның толайым табысына әрдайымқуанады. Болашағының жарқын болуын тілейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қазір екі елдің қарым-қатынасыкеңейтілген стратегиялық серіктестікке ұласқанынаназар аударып, бүгінгі нәтижелі келіссөздер қосхалық арасындағы байланысты жаңа деңгейгекөтеретініне сенім білдірді.
– Біз бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялықынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткіздік. Өзара ықпалдастыққа тың серпін беретін басым бағыттарды қарастырдық. Түрлі саладағыбайланысты жандандыратын маңыздыүкіметаралық құжаттарға қол қойдық. Түркия – сауда-экономика және инвестиция саласындағыбасты стратегиялық серіктесіміздің бірі. Осы орайда өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесінебаса назар аудардық. Былтыр екі ел арасындағысауда-саттық көлемі 5 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта сауда айналымын айтарлықтайарттырамыз. Бұған әлеуетіміз жетеді, – дедіМемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазірелімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмысістейді. Олармен бірлесіп, құны 6 миллиард доллар болатын бірқатар жоба жүзеге асырылған. Бұлжобалар энергетика, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, инфрақұрылым, медицина, туризм секілді маңызды салаларды қамтиды. Қазақстанның Түркияға салған инвестициясыныңкөлемі 2,5 миллиард доллардан асты.
– Біз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрікинвесторларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Сондықтан Түркия компанияларын ұзақ мерзімгеарналған ірі жобаларға атсалысуға шақырамын. Көлік-логистика саласындағы байланыстыкүшейтуге мүмкіндік мол. Біз елдеріміздіңстратегиялық тұрғыдан ұтымды жердеорналасқанын барынша тиімді пайдалануымызкерек. Қазір Еуропа мен Қытай арасында құрлықжолымен тасымалданатын жүктің шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Осы реттеТранскаспий халықаралық көлік бағдарын, яғни, «Орта дәлізді» дамытудың мән-маңызы зор. Бұл – екі елдің мүддесіне сай келетін бастама. Қазақстантеміржолды жаңғырту, автокөлік жолдарын салу, сондай-ақ Каспий теңізінде кеме қатынасынжандандыру үшін инфрақұрылымды жетілдіружұмысын қолға алды. Түрік инвесторларын осы жобаларға белсене қатысуға шақырамыз. Үкіметіміз Түркия кәсіпкерлеріне арнайыжеңілдіктер ұсынуға әзір, – деді Президент.
Келіссөз барысында тараптар энергетика саласының маңызына да арнайы тоқталды.
– Қазір Баку – Тбилиси – Жейхан құбырыарқылы жылына 1,4 миллион тонна қазақ мұнайыТүркияға тасымалданады. Біз оның көлемінарттыру мәселесін талқыладық. «TurkiyePetroleum» компаниясының Қазақстан нарығындажұмыс істеуге ниеті бар. Біз мұны құптаймыз. Энергия көздерін әртараптандыру, жаңа электрстанцияларын салу және басқа жобаларды жүзегеасыру үшін түрік компанияларының тәжірибесінесүйеніп, инвестициялық мүмкіндіктерінпайдалануға мүдделіміз. Ірі жобаларды бірлесежүзеге асыруға дайынбыз, – деді Мемлекетбасшысы.
Президент ауыл шаруашылығын тағы бірмаңызды сала ретінде атады. Бұл реттеҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сүбелі үлесқосып келе жатқанын атап өтіп, астық және басқада ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумәселесі жан-жақты талқыланғанын жеткізді. Қазақстан ауыл шаруашылығын цифрландыру, өнімділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібінөркендету ісінде Түркияның жоғарытехнологиясын пайдалануға қызығушылықтанытады.
Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс жәнеәскери-техникалық бағыттағы зор жетістіктеріненазар аударып, Режеп Тайип Ердоғанды жақындаIDEF 2025 халықаралық қорғаныс-өнеркәсіпкөрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.
Бұдан бөлек, келіссөздер барысында IT-технологияларды бірге дамыту мәселесіне айрықшамән берілді. Мемлекет басшысы еліміздің аталғансаладағы жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан мен Түркияның IT саласындағы стратегиялықсеріктестігін нығайтуға зор мүмкіндік бар екенінмәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мәдени-гуманитарлық байланыс – қазақ-түрікқатынасының алтын көпірі. Соның ішінде білімжәне ғылым саласының орны ерекше.
– Қазіргі таңда біздің 12 мыңнан астамстудентіміз Түркияда, ал 300 түрік студентіҚазақстанның жоғары оқу орындарында білім алыпжатыр. Осыған қолдау көрсеткені үшін ТүркияПрезиденті мен Үкіметіне ризашылығымдыбілдіремін. Ұзақ жылдан бері Түркістан төріндеАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситеті табысты жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан педагогикалықуниверситетінің жанынан Түркияның озық білімошақтарының бірі – Гази университетінің филиалы ашылмақ. Бұдан бөлек, «Маариф» қорының екімектебін ашу жұмысын қолға алдық. Бұл – шынмәнінде, айтулы оқиға. Былтыр қол қойылғанкелісімге сәйкес, Астана медицина университетініңнегізінде Медипол Ыстанбұл жоғары оқу орныныңфилиалын ашу бойынша жұмыс жүргізіліпжатыр. Еліміздің медицина қызметкерлерінТүркияның жетекші клиникаларында оқыту жәнебіліктілігін арттыру туралы уағдаластыққа қолжеткіздік. Біз осы игі бастамаларды жалғастырып, білім беру, туризм, медицина саласындағыбайланысты одан әрі күшейтуге мүдделіміз. Осы тұста сан қырлы байланыстарды тереңдетумақсатында Түркия азаматтарына Қазақстанаумағында 90 күнге дейін визасыз болу рұқсатынберу туралы шешім қабылданды. Саяхаттаушылармен кәсіпкерлер үшін бұл қадамның мән-маңызыерекше деп санаймын. Осындай игі бастамалардостығымызды бекемдеп, өзара сенімді арттырып, жаңа жетістіктерге жол ашады деп сенемін, – дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар екі ел президенттері әлемдегіөзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Қазіргікүрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығуынаалаңдаушылық білдіретіндерін жеткізді. Қазақстанмен Түркия президенттері барлық жанжал мен қақтығыс дипломатиялық келіссөздер арқылыбейбіт жолмен шешілуі қажет деп есептейді. Бұлретте Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағыжанжалды реттеу ісіндегі айрықша рөлін атап өтті.
– Бұл – Сіздің беделіңіз бен ықпалыңыздыңайқын дәлелі. Қос елдің Біріккен Ұлттар Ұйымынреформалау қажеттілігі жөніндегі ұстанымы – ортақ. Қазақстан әрбір елдің аумақтық тұтастығысақталуы керек деген ұстанымды қорғайды. Қазақстан мен Түркия халықаралық аренадағытиімді ықпалдастығын жалғастыра береді. Қазақстан дипломатиясы Түркі мемлекеттеріҰйымының одан әрі дамуына баса мән бермекші. Осы бағытта Түркия тарапымен бірлесіп жұмысістей береміз. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігеріміздібіріктіреміз. Осы тұста Қазақстанның халықаралықбастамаларына көрсетіп жатқан қолдауына, соныңішінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенімшаралары жөніндегі Кеңесті дамытудағыТүркияның үлесіне ерекше ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Түркия Президенті бүгінгікеліссөздердің нәтижелі болғанын атап өтті.
– Қазақстан – аймақтағы экономикасы ең ірі ел және біздің негізгі серіктесіміз. Бүгін біз қорғаныспен энергетикадан бастап, көлік, ғылым мен технологияға дейінгі кең ауқымды салаларбойынша пікір алмастық. Біз тау-кен, сиреккездесетін металдар бағытындағы ынтымақтастықмүмкіндіктерін қарастырдық. Қазақстан мұнайынТүркия арқылы әлемдік нарыққа экспорттаумүмкіндіктерін талқыладық. Тарихи Жібекжолының қазіргі баламасы – Транскаспий көлікбағдарын пайдалану және дамыту жолдарынқарастырдық, – деді Режеп Тайип Ердоған.
Бұдан бөлек, Түркия Президенті туризм саласындағы ынтымақтастық перспективасынатоқталып, түрік азаматтарына Қазақстанда 90 күнвизасыз жүруге рұқсат беру туралы шешімқабылдағаны үшін Мемлекет басшысынаризашылығын білдірді.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгікеліссөздердің табысты өткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, Түркия Президентін өзінеыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келугешақырды.