"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Президент

Қазақстан бітімгер рөлін жалғастырады — Мемлекет басшысы

Біздің таңдауымыз: үстемдік емес — тепе-теңдік, жіктелу емес — ынтымақтастық, соғыс емес — бейбітшілік. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Қазақстан араағайындық және бітімгер рөлін жалғастырады. Біздің таңдауымыз: үстемдік емес — тепе-теңдік, жіктелу емес — ынтымақтастық, соғыс емес — бейбітшілік. Біз халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк төрінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзін Jibek Joly арнасы тікелей эфирде көрсетті.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-btmger-roln-zhalgastiradi-memleket-basshisi-ed244e/

ПІКІР ЖАЗУ